Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңілісті өз мойныма аламын": Кака әлем чемпионатының ширек финалынан кейін пікір білдірді

Жарияланған күні:

Рикардо Кака
Рикардо Кака. Фото: Anvar Ilyasov - FIFA/FIFA via Getty Images

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Өзбекстандағы әлем чемпионатының ширек финалындағы жеңілісінен кейін пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Кеше, 30 қыркүйекте футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аргентинаға 1:6 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады.

"Бүгін біз өзімізге лайықты нәрсені алдық. Біз өз деңгейімізден алшақ болдық, бірақ Аргентина өте сауатты және жақсы ойнады. Футзал – осындай өмір, үш күн бұрын сен керемет едің, ал қазір... Бүгін дұрыс ойын өрнегін қоя алмағаным үшін, дұрыс сөз айта алмағаным үшін бұл жеңілісті толықтай өз мойныма аламын. Бүгін біздің команданың ең нашар матчтарының бірі болуы мүмкін. Біз жұмысты жалғастырамыз, өмір мұнымен бітпейді", - деді Кака матчтан кейін тікелей эфирде берген сұқбатында.

Сондай-ақ команданың бас бапкері ойыншылардың ешқайсысын жеке дара бөліп қараған жоқ.

"Мен ойыншылардың жеке қателіктеріне қарамаймын. Мен команданың көшбасшысымын, мен бәріне жауаптымын және жаман пікірлерге лайықпын. Футболшылар қателесуі мүмкін, бірақ жақсы ойнай алады. Ширек финалдан өтпей әлем чемпионы бола алмайсың", - деді Кака.

Айта кетейік, 2021 жылы Литвада өткен әлем чемпионатында Рикардо Каканың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 4-орынға қол жеткізіп, тарихтағы үздік нәтижені көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2167893-zhengilisti-oz-moinyma-alamyn-kaka-alem-chempionatynyng-shirek-finalynan-keiin-pikir-bildirdi/