jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан әлем чемпионатының алғашқы финалисі анықталды

    Футзалдан Бразилия құрамасы
    Футзалдан Бразилия құрамасы. Фото: Robertus Pudyanto - FIFA/FIFA via Getty Images

    Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңінде Бразилия мен Украина құрамалары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуінде Бразилия мен Украина құрамалары кездесті. Бұл матч 3:2 есебімен Бразилия құрамасының пайдасына аяқталды.

    Есепті 18-минутта Украина құрамасының ойыншысы Игорь Чернявский ашты. Ойынның екінші бөлігі басталғанда украиналық Ростислав Семенченко өз қақпасына гол соғып алды. Ал арада бір минут өткен соң бразилиялық Диего командасын алға шығарды.

    22-минутта Игорь Корсун Бразилия қақпасына екінші голды соғып, есепті теңестірді. Алайда кездесу аяқталуға төрт минут қалғанда Диего пенальтиді сәтті орындап, бразилиялықтарға жеңіс сыйлады.

    Айта кетейік, футзалдан жаңа әлем чемпионы 6 қазанда анықталады. Бразилия құрамасы чемпиондық атақ үшін Франция немесе Аргентинамен таласады.

    Футзалдан әлем чемпионатының алғашқы финалисі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.