jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанды жеңген Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

    Футзалдан Аргентина құрамасы
    Футзалдан Аргентина құрамасы. Фото: Alex Caparros - FIFA/FIFA via Getty Images

    Кеше, 3 қыркүйекте Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалдық матчы аясында Аргентина мен Франция құрамалары кездесті.

    Ташкенттегі "Хумо Аренада" Аргентина мен Франция құрамалары финалға жолдама алу үшін тартысты ойын өрнегін көрсетті. Ойынның соңында Аргентина құрамасы дабл-пенальтиден соғылған голдың арқасында жеңісті жұлып алды — 3:2.

    Бұл матчта Аргентина құрамасы сапынан Арриета (3, 37) дубль жасаса, Клаудиньо (8) нәтижелі ойынымен көзге түсті.

    Ал Франция құрамасы сапынан Менендес (6) пен Туре (25) гол соқты.

    Аргентина әлем чемпионатының финалында Бразилия құрамасымен кездеседі. Бразилия жартылай финалда Украина құрамасын 3:2 есебімен жеңген болатын.

    Үшінші орын үшін таласта Франция мен Украина құрамалары кездеседі.

    Естеріңізге сала кетейік, бұл әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысып, ширек финалға дейін жеткен болатын. 1/4 финалдық кезеңде Қазақстан құрамасы Аргентинаға 1:6 есебімен есе жіберіп қойды.

    Футзалдан әлем чемпионатының финалдық матчы 6 қазанда өтеді.

    Қазақстанды жеңген Аргентина құрамасы әлем чемпионатының финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.