Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы жарақат алып қалды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Роман Асранқұлов
Роман Асранқұлов. Фото: instagram.com / kff_team

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Роман Асранқұлов Ұлттар лигасының қазан айындағы матчтарына қатыса алмайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайлық "Тобыл" клубының қорғаушысы Қазақстан премьер-лигасы аясында астаналық "Жеңіс" командасына қарсы өткен ойында жарақат алып қалды. Ол жарақатына байланысты Ұлттар лигасы турнирінде Аустрия және Словения құрамаларына қарсы матчтарға қатыса алмайды.

Аустрия және Словения ұлттық құрамаларына қарсы матчтарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланған болатын.

Айта кетейік, 10 қазанда ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының "Райффайзен Арена" стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.

Үш күннен кейін, 13 қазанда біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2170275-futboldan-qazaqstan-quramasy-ulttar-ligasy-matchtary-qarsangynda-oiynshysynan-aiyryldy/