jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Алдағы матчтарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz

    Аустрия және Словения ұлттық құрамаларына қарсы матчтарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Нақты тізімге 28 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9 қазанға дейін жалғасады. Жалпы Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді.

    10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының "Райффайзен Арена" стадионында өтеді. Басталуы Астана уақытымен сағат 23:45-ке жоспарланған.

    Үш күннен кейін, 13 қазанда біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-де басталады. Осы матчтың биллетері ертең, 1 қазан күні, сағат 19:00-де сатылымға шығады.

    Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы жанкүйерлерді стадионға өткізу жүйесін жақсарту мақсатында тиісті шараларды қабылдағанын мәлімдеп еді. Енді стадионға кіру үшін "атаулы билет" сатып алу керек. Яғни билетте көрсетілген аты-жөнді жеке куәлікпен растау қажет.

    Алдағы матчтарға шақырту алған қазақстандық футболшылардың нақты тізімі жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.