Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилия құрамасы футзалдан алты дүркін әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Футзалдан Бразилия құрамасының ойыншылары
Футзалдан Бразилия құрамасының ойыншылары. Фото: Robertus Pudyanto - FIFA/FIFA via Getty Images

Өзбекстанда өткен футзалдан 10-әлем чемпионатында жеңімпаз анықталды. Бразилия құрамасы финалда Аргентинаны жеңіп, алтыншы рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Финалдық ойын Ташкенттегі "Хумо" аренасында өтті. Матч 2:1 есебімен Бразилия құрамасының пайдасына шешілді.

Чемпиондар сапынан Феррао мен Рафа гол соқты. Ал Аргентина құрамасынан Матиас Роза мергендік танытты.

Осылайша Бразилия құрамасы өз тарихында алтыншы рет әлем чемпионы атанды. Команда тек 2016 жылы ғана медаль иеленген жоқ. Ол кезде бразилиялықтар 1/8 финалда жеңіліп қалған еді.

Бұған дейін футзалдан Украина ұлттық құрамасы Өзбекстандаағы 2024 жылғы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Еске салайық, Қазақстан командасы әлем біріншілігінің ширек финалында Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2170681-braziliia-quramasy-futzaldan-alty-durkin-alem-chempiony-atandy/