Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының 1/4 финалдық кезеңі аясында Аргентинаға қарсы ойнады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен матчта Қазақстан құрамасы 1:6 есебімен жеңілді.
Аталмыш турнирдің D тобында сынға түскен Қазақстан құрамасы 7 ұпай еншілеп, екінші орынмен плей-оффқа шыққан болатын. Алғашқы ойында Испаниямен 1:1 есебімен тең түссе, Ливияны 4:1 есебімен жеңген еді. Ал Жаңа Зеландияға қарсы үшінші ойында 10:0 есебін тіркеп, ірі жеңіске қол жеткізген болатын. Плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Португалияны 2:1 есебімен жеңді.
Әлем чемпионатының ширек финалы 29-30 қыркүйекте, жартылай финалы 2-3 қазанда өтеді. Ал ақтық сын 6 қазанда Ташкентте өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасы плей-оффтың алғашқы сатысында әлем чемпиондары Португалияны жеңіп, бұл жарыста өздерінің мықтылығын дәлелдеді.
Матч басталар тұста ұлттық құрама ойыншысы Әбдірасул Әбдіманапұлының әнұранды көзіне жас ала отырып орындауы талай жанның жүрегін шымырлатып жібергені анық. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан ұлттық құрамасының жас ойыншысы Әбдірасул Әбдіманапұлымен тілдескен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2167777-futzaldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-alem-chempionatynyng-zhartylai-finalyna-shyga-almady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.