jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Украина құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет жүлде иеленді

    Футзалдан Украина құрамасы
    Футзалдан Украина құрамасы. Фото: instagram.com/uafukraine

    Футзалдан Украина құрамасы Өзбекстанда өтіп жатқан 2024 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Үшінші орын үшін өткен ойында Украина құрамасы Франция командасымен кездесті. Бұл матчта украиналықтар 7:1 есебімен ойсырата жеңді.

    Есепті 11-минутта Игорь Чернявский ашты. Ал 22-минутта Михаил Зварыч екінші голды салды. Ал Францияның жалғыз голын Аюб Саадауи (23-минутта) соқты.

    Кейін Украина құрамасы қарсылас қақпасына тағы бес гол салып, әлем чемпионатында сенімді түрде қола жүлдеге қол жеткізді. Евгений Жук (27, 28) екі рет қақпаға дәл соққы бағыттаса, Даниил Абакшин хет-трик (29:20, 29:39, 33) жасады.

    Осылайша Украина құрамасы футзалдан әлем чемпионатында тұңғыш рет медаль жеңіп алды.

    Еске салайық, Қазақстан командасы Өзбекстандағы әлем біріншілігінің ширек финалында Аргентинадан 1:6 есебімен жеңіліп қалған еді.

    Футзалдан Украина құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет жүлде иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.