jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Лионель Месси шетелдік басылымның нұсқасы бойынша футбол тарихындағы ең атақты ойыншы атанды

    Лионель Месси
    Лионель Месси. Фото: LUIS ROBAYO/AFP via Getty Images

    "Интер Майами" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси шетелдік басылымның нұсқасы бойынша футбол тарихындағы ең атақты ойыншы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Marca басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 17 қазанда испаниялық Marca басылымы футбол тарихында ең көп титул жеңіп алған футболшы – 37 жастағы Лионель Мессиге ерекше марапат табыстады. Салтанатты рәсім "Интер Майами" клубының алаңында, Форт-Лодердейлде өтті. Мессиге сыйлықты Marca басылымының директоры Хуан Игнасио Гальярдо мен "Интер Майами" клубының иесі Хорхе Мас табыстады.

    Лионель Месси өзінің мансабында клубтық және халықаралық деңгейде 46 трофей жеңіп алған. Аргентиналық шабуылшы футбол тарихындағы ең көп атаққа ие ойыншы. 37 жастағы шабуылшы "Барселона" сапында 4 рет УЕФА Чемпиондар лигасын, 10 рет Испания чемпионатын жеңіп алған. Аргентина құрамасымен бірге ол екі мәрте Америка Кубогының иегері атанса, 2022 жылғы әлем чемпионатында топ жарды.

    Айта кетейік, Мессидің жеке қоржынында 56 марапат бар. Соның ішінде 8 "Алтын доп" және 6 "Алтын бутсы" марапаттары да бар. Сондай-ақ, ол 3 рет УЕФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы және 4 рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанған.

    Лионель Месси шетелдік басылымның нұсқасы бойынша футбол тарихындағы ең атақты ойыншы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.