jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында ірі жеңіліске ұшырады

    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы
    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирі аясында Нидерландыға қарсы алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің алғашқы матчын Нидерланды құрамасына қарсы өткізді. Бұл кездесу Астанадағы "Сайран Арена" спорт кешенінде өтті.

    Матчтың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 0:6 есебімен жеңіліс тапты.

    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы келесі кездесуін Астанадағы "Сайран Аренада" Польша құрамасына қарсы өткізеді. Матч 19 қазанда Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

    Айта кетейік, 2025 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионаты Филиппинде 21 қараша мен 7 желтоқсан аралығында өтеді.

    Футзалдан Қазақстанның әйелдер құрамасы өз алаңында ірі жеңіліске ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.