jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    "Тұран" футбол клубы "Қайраттан" ірі есеппен жеңілді

    Қайрат
    Фото: instagram.com/pflkaz

    Алматының "Қайрат" футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының 23-туры аясындағы ойында түркістандық "Тұран" командасын қабылдап, жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Командалар Алматының Орталық стадионында кездесті. Кездесу 5:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

    Есепті 18-минутта "Қайраттың" грузиялық жартылай қорғаушысы Гиорги Зария ашты. 29-минутта "Тұранның" қорғаушысы Иван Хомуха допты өз қақпасына бағыттады. Бразилиялық Жоао Пауло Хет-трик жасады (34, 74, 95).

    Қонақтар сапындағы жалғыз голды 86-минутта Никола Цуцкич соқты.

    Осы кездесуден кейін "Қайрат" 21 кездесуде 38 ұпай жинап, футболдан Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде екінші орынға көтерілді. Тұран соңғы 12-ші орында қалды (20 ойында 19 ұпай).

    "Тұран" футбол клубы "Қайраттан" ірі есеппен жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.