jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" – "Боруссия": Чемпиондар лигасының 3-тур матчтары өтеді

    Джуд Беллингем мен Йен Матсен
    Джуд Беллингем мен Йен Матсен. Фото: INA FASSBENDER/AFP via Getty Images

    Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 3-туры аясындағы ойындары өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 22 қазанда УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің 3-туры аясындағы матчтары өтеді.

    УЕФА Чемпиондар лигасының турнир кестесіндегі нәтижесі бойынша 6 ұпаймен көш бастап келе жатқан "Борруссия" (Дортмунд) клубы сырт алаңда турнирдің алдыңғы жеңімпазы мадридтік "Реал" командасымен кездеседі. Қос команда УЕФА Чемпиондар лигасының 2023/2024 жылғы маусымының финалында кездесіп, мадридтік клуб 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

    УЕФА Чемпиондар лигасының 3-туры аясында өтетін бүгінгі ойындар кестесі:

    • 21:45. "Милан" (Италия) – "Брюгге" (Бельгия);
    • 21:45. "Монако" (Франция) – "Црвена Звезда" (Сербия);
    • 00:00. "Ювентус" (Италия) – "Штутгарт-1893" (Германия);
    • 00:00. "Арсенал" (Англия) – "Шахтер" (Украина);
    • 00:00. "Астон Вилла" (Англия) – "Болонья" (Италия);
    • 00:00. "Жирона" (Испания) – "Слован" (Словакия);
    • 00:00. "Штурм" (Аустрия) – "Спортинг" (Португалия);
    • 00:00. "ПСЖ" (Франция) – "ПСВ" (Нидерланд);
    • 00:00. "Реал" (Испания) – "Боруссия" (Германия).

    Айта кетейік, клубтар жаңа форматтағы бәсекеде сайысқа түсіп жатыр. Осыған дейін бұл турнирде 32 команда ғана қатыса алатын. Жарыстың жаңа ережесі бойынша жалпы үздік шыққан сегіз команда 1/8 финалға тікелей жолдама алады, ал 9-24-орын алған клубтар қосымша ойындар өткізеді. Жеңіске жеткен командалар 1/8 финалға шығады.

    "Реал Мадрид" – "Боруссия": Чемпиондар лигасының 3-тур матчтары өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.