jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    УЕФА Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы "Семейдің" қақпасына 5 гол соғып, жеңіске жетті

    "Қайрат" футзал клубы
    "Қайрат" футзал клубы. Фото: instagram.com/afckairat

    Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі аясында "Қайрат" пен "Семей" клубтары кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін, 23 қазанда УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің 2-туры аясында алматылық "Қайрат" клубы "Семей" командасына қарсы кездесу өткізді. Матч Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтті.

    Нәтижесінде алматылық "Қайрат" футзал клубы 5:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның есебін "Семей" футзал клубының ойыншысы Ақжол Дәрібай (13-минут) ашты.

    Ал "Қайрат" сапынан Эдсон (18), Денер (23), Невеш де Лима (36), Арриета (36), Отана (38) гол соқты.

    Турнирдің 1-туры аясында қазақстандық "Семей" футзал клубы португалиялық "Спортинг" командасына 4:6 есебімен есе жіберсе, алматылық "Қайрат" венгриялық "Халадашты" 4:0 есебімен жеңген болатын.

    Айта кетейік, "Қайрат" футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасын 2012/2013 және 2014/2015 жылғы маусымында топ жарған.

    Ал "Семей" командасы футзалдан Қазақстан чемпионатының 2023/2024 жылғы чемпиондары атанды.

    УЕФА Чемпиондар лигасы: "Қайрат" футзал клубы "Семейдің" қақпасына 5 гол соғып, жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.