jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    УЕФА Конференция лигасы: "Астана" екінші ойында жеңіліс тапты

    "Астана" футбол клубы
    "Астана" футбол клубы. Фото: instagram.com/fca.astana

    Бүгін, 25 қазанда "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясындағы екінші ойынын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бүгін елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасына қарсы ойын өткізіп, астаналық клуб 0:2 есебімен жеңіліс тапты.

    "Нью-Сейнтс" сапынан ойынның 40-минутында Рори Холден гол соқты. Ал матчтың 78-минутында Мак Манус есепті еселеді.

    3 қыркүйекте "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасы аясында Алматыда сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасына қарсы ойын өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

    Айта кетейік, "Астана" УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде 7 қарашада "Пафоспен" (Кипр), 28 қарашада "Виториямен" (Португалия), 12 желтоқсанда "Челсимен" (Англия), 19 желтоқсанда "АПОЭЛ"-мен (Кипр) ойнайды.

    УЕФА Конференция лигасы: "Астана" екінші ойында жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.