jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Семейдің" элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды

    "Семей" футзал клубы
    "Семей" футзал клубы. Фото: instagram.com/fcsemey

    "Қайрат" және "Семей" футзал командаларының УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚФФ-тың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қайрат" элиталық кезеңде B тобында ойнайды. Бұл топта алматылық командаға "Олмиссум" , "Этуаль" және "Динамо" командалары қарсылас болады. B төрттігінің матчтары Хорватияның Загреб қаласында өтеді.

    Ел чемпиондары "Семей" элиталық кезеңнің D тобына түсті. Семейліктерден бөлек бұл топта "Пальма" , "Лученец" және "Рекорд" клубтары бар. D тобының ойындары Испанияның Мальорка қаласында өтеді.

    УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 26 қараша мен 1 желтоқсан аралығында болады. Төрттік финалға әр топтан тек 1 ғана команда шығады.

    Айта кетейік, "Қайрат" командасы "Семейді" 5:1 есебімен жеңіп, элиталық кезеңге шыққан болатын. Ал "Семей" футзал клубы венгриялық "Халадасты" 6:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге соңғы жолдаманы иеленген еді.

    Чемпиондар лигасы: "Қайрат" пен "Семейдің" элиталық кезеңдегі қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.