jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

    Ұлттар лигасының кубогі
    Ұлттар лигасының кубогі. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының УЕФА Ұлттар лигасының алдағы маусымындағы қарсыластары анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ұлттық құрама күші жағынан үшінші және соңғы С лигасында ойнайды. Швейцарияның Сьон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша Қазақстанмен бірге С3 тобына Швейцария, Люксембург, Армения және Лихтенштейн құрамалары кірді.

    Командалар бір-бірімен өз алаңында және сырт алаңда бір матчтан өткізеді. С лигасының алты тобының жеңімпаздары жоғары дивизионға жолдама алады. Екінші орын алған екі үздік команда В лигасына шығу үшін плей-офф ойындарын өткізеді.

    УЕФА Ұлттар лигасы 2025 жылдың ақпан айында басталады. Ойын кестесі кейінірек жарияланбақ.

    Өткен маусымдағы УЕФА әйелдер Ұлттар лигасының чемпионы Испания құрамасы болған еді. Бұл команда финалда Францияны 2:0 есебімен ұтқан болатын. Жеңімпаздар сапынан Айтана Бонмати мен Мориона Кальдентей гол соққан еді.

    Футболдан Қазақстан құрамасының 2025 жылғы Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.