БАҚ: Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен кететінін мәлімдеді
Опубликовано:

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Metaratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Metaratings.kz мәліметінше, бүгін федерация кеңсесінде өткен жиында Әділет Барменқұлов қызметінен кететінін айтқан.
Барменқұлов 2022 жылы ҚФФ президенті болып сайланды. Оның тұсында Қазақстан құрамасы Еуро-2024 финалдық кезеңіне шығуға үміткер болды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 14 қарашада УЕФА Ұлттар лигасы аясында Аустриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында 20:00-де басталады.
Ал 17 қарашада Станислав Черчесовтің командасы Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында болатын ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2184981-baq-qazaqstan-futbol-federatsiiasynyng-prezidenti-qyzmetinen-ketedi/