Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" соңғы турда "Атырауды" жеңіп, Қазақстанның төрт дүркін чемпионы атанды

Жарияланған күні:

"Қайрат" футбол клубының ойыншылары
"Қайрат" футбол клубының ойыншылары. Фото: instagram.com/f.c.kairat

"Қайрат" футбол клубы биылғы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін, 10 қарашада футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аясында алматылық "Қайрат" сырт алаңда "Атырау" командасымен кездесті. Нәтижесінде "Қайрат" футбол клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Матчтың 58-минутында "Атырау" футбол клубының ойыншысы Никита Степанов айып алаңындағы дөрекі ойыны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Нәтижесінде төреші "Атырау" қақпасына пенальти белгіледі. Пенальтиді мүлтіксіз орындаған "Қайраттың" грузиялық ойыншысы Георгий Зария матчтағы жалғыз голдың авторы атанды.

Осылайша "Қайрат" футбол клубы турнир кестесінде 47 ұпай жинап, ел біріншілігінің биылғы чемпионы атанды. Ал соңғы турға дейін чемпиондық атаққа басты үміткер саналған "Астана" футбол клубы 46 ұпай жинақтап, "Қайраттан" кейінгі орынға жайғасқан.

35 ұпай еншілеген "Атырау" командасы турнир кестесінің 7-сатысына табан тіреді.

Айта кетейік, алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан чемпионатын төртінші мәрте (1992, 2004, 2020, 2024) жеңді. Енді келесі жылы "Қайрат" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2185386-qairat-songgy-turda-atyraudy-zhengip-qazaqstan-premer-ligasynyng-chempiony-atandy/