jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Миллион доллар: "Қайрат" ойыншылары чемпион атанғандары үшін қомақты сыйақы алады

    "Қайрат" футбол клубы
    "Қайрат" футбол клубы. Фото: instagram.com/f.c.kairat

    "Қайрат" футбол клубының ойыншыларына биылғы Қазақстан премьер-лигасында чемпион атанғаны үшін қанша сыйақы берілетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Кеше, 10 қарашада футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-туры аясында алматылық "Қайрат" сырт алаңда "Атырау" командасын 1:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша "Қайрат" футбол клубы турнир кестесінде 47 ұпай жинап, ел біріншілігінің биылғы чемпионы атанды.

    Дереккөздің мәліметінше, алматылық клубтың басшылығы маусым басында команда Қазақстан премьер-лигасында жеңіске жеткен жағдайда ойыншыларға 1 миллион АҚШ долларынан астам қаржы беруге уәде еткен.

    Сондай-ақ Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында 2-орынға 46 ұпай жинаған "Астана" табан тіресе, ал 43 ұпай еншілеген "Ақтөбе" үздік үштікті түйіндеді.

    Айта кетейік, алматылық "Қайрат" футбол клубы Қазақстан чемпионатын төртінші мәрте (1992, 2004, 2020, 2024) жеңді. Енді келесі жылы "Қайрат" клубы УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде сынға түседі.

    Миллион доллар: "Қайрат" ойыншылары чемпион атанғандары үшін қомақты сыйақы алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.