jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Норвегияның үздік футболшысының бірі Қазақстанға қарсы ойынға қатыспайды

    Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор
    Норвегия құрамасының капитаны Мартин Эдегор. Фото: Jacques Feeney/Offside/Offside via Getty Images

    Футболдан Норвегия құрамасының және лондондық "Арсенал" клубының капитаны Мартин Эдегор Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы өтетін матчқа қатыспайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Норвегия футбол одағының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мартин Эдегор тобығын жарақаттап алғандықтан, Норвегияның Словения мен Қазақстанға қарсы матчтарында ойнамайтын болды. Енді ол құрама қосынынан Лондонға аттанып, емделуін жалғастырады.

    "Ұлттық құраманың медицина мамандарымен талқылай келе, өкінішке қарай, бұл матчтарға қатысуға жағдайым мүмкіндік бермейді деген қорытындыға келдік. Мұндай ойындарды өткізіп алу мен үшін өкінішті жайт. Мен Норвегияда және осы командада ойнағанды ұнатамын. Бірақ жігіттерге сенемін және оларға сәттілік тілеймін. Топта жеңіске жетуге әлі де жақсы мүмкіндіктер бар", - деді Эдегор.

    Айта кетейік, Ұлттар лигасы аясындағы Норвегия – Қазақстан ойыны 17 қарашада Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады.

    6 қарашада Қазақстан мен Норвегия құрамалары Алматыдағы Орталық стадионда кездесіп, 0:0 есебімен тең тарқасқан еді. Қазір Ұлттар лигасының B3 тобында Норвегия 7 ұпаймен көш бастап тұрса, Қазақстан 1 ұпаймен соңғы орында келеді.

    Норвегияның үздік футболшысының бірі Қазақстанға қарсы ойынға қатыспайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.