jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" футбол клубының қысқы трансфер аусымындағы басты мақсаты қандай

    Эмерик Ляпорт
    Эмерик Ляпорт. Фото: Al Nassr FC/Al Nassr FC via Getty Images

    Мадридтік "Реал" футбол клубы "Әл-Наср" клубының қорғаушысы Эмерик Ляпортқа қызығушылық танытып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Relevo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, мадридтік "Реал" футбол клубы 30 жастағы ойыншы Эмерик Ляпортқа көз тігіп отыр. Испаниялық клуб қысқы трансферлік маусымда футболшыны команда сапында қоспақшы ниеті бар.

    Эмерик Ляпорттың "Әл-Наср" клубымен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін жасалған. Transfermarkt.de сайты испаниялық қорғаушының құнын 20 миллион еуро деп бағалауда. Биылғы маусымда Эмерик Ляпорт "Әл-Наср" клубы сапында 15 матч өткізіп, 3 гол соқты.

    Айта кетейік, Эмерик Ляпорт биыл жазда Германияда өткен Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасы сапында өнер көрсетіп, командамен бірге жеңімпаз атанған.

    Қазір мадридтік "Реал" футбол клубы Испания чемпионатының (Ла лига) турнир кестесінде 27 ұпай жинап, 2-орында келеді. Ал көш басында 33 ұпай еншілеген "Барселона" клубы орналасқан.

    "Реал Мадрид" футбол клубының қысқы трансфер аусымындағы басты мақсаты қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.