Футболдан Қазақстан премьер-лигасын қорытындылау мақсатында отандық журналистер биылғы маусымның үздік ойыншыларын анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Соққы және гол" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанның 30 журналисі футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымының қорытындысы бойынша үздік 10 ойыншыны таңдады. Оларға ұпай 15, 12, 10, 8, 7, 5, 4, 3, 2, 1 балл беру жүйесі бойынша берілді.
Бұл дауыс берудің қорытындысы бойынша "Үздік қақпашы", "Үздік қорғаушы", "Үздік жартылай қорғаушы", "Үздік шабуылшы", "Үздік бапкер", "Үздік жас ойыншы", "Алтын доп" аталымдарына лайық деп танылған футболшылардың есімдері белгілі болды.
- Үздік қақпашы – Егор Хаткевич (Атырау);
- Үздік қорғаушы – Кипрас Казуколовас (Астана);
- Үздік жартылай қорғаушы – Гиорги Зария (Қайрат);
- Үздік шабуылшы – Ислам Чесноков (Тобыл);
- Үздік бапкер – Виталий Жуковский (Атырау);
- Үздік жас ойыншы – Максим Самородов;
- "Алтын доп" иегері – Ислам Чесноков (Тобыл).
Айта кетейік, футболдан Қазақстан премьер-лигасының биылғы маусымында 47 ұпай жинаған алматылық "Қайрат" клубы чемпион атанса, ал 46 ұпай еншілеген "Астана" 2-орынды қанағат тұтты. "Ақтөбе" клубы 43 ұпаймен 3-орынға табан тіреді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2188202-biylgy-mausymnyng-uzdikteri-anyqtaldy-qazaqstannyng-altyn-dop-zhuldesi-kimge-buiyrdy/