jitsu gif
Спорт

    Норвегияға қарсы Қазақстан сапында бастапқы құрамда ойнайтын футболшылар тізімі белгілі болды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы
    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Jurij Kodrun - UEFA/UEFA via Getty Images

    Қазақстан және Норвегия командаларының Ұлттар лигасының 6-турындағы матчқа арналған бастапқы құрамы жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қос құрама арасындағы матч бүгін, 17 қарашада Норвегияның Осло қаласында өтеді. Матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Ойынның тікелей көрсетілімін Qazsport телеарнасынан көруге болады.

    Қазақстан командасының бастапқы құрамы:

    • Қақпашы: Стас Покатилов (№1);
    • Қорғаушылар: Ян Вороговский (№11), Нұралы Әліп (№3), Әлібек Қасым (№6), Еркін Тапалов (№16), Сұлтанбек Астанов (№22);
    • Жартылай қорғаушылар: Максим Самородов (№10), Асхат Тағыберген (№8), Бақтиер Зайнутдинов (№19), Ислам Чесноков (№23);
    • Шабуылшы: Абат Айымбетов (№17).

    Норвегия командасының бастапқы құрамы:

    • Қақпашы: Егил Селвик (№1);
    • Қорғаушылар: Мортен Педерсен (№16), Штиан Грегерсен (№3), Лео Эстигор (№4), Юлиан Риерсон (№14);
    • Жартылай қорғаушылар: Кристиан Торстведт (№18), Сандер Берге (№8), Мортен Торсбю (№2), Антонио Нуса (№20);
    • Шабуылшы: Эрлинг Холанд (№9), Александер Серлот (№7).

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында 4 мәрте жеңіліс тауып, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Бұған дейін Станислав Черчесов шәкірттері Норвегиямен тең ойнаса (0:0), Аустрияға қарсы екі ойында да жеңіліс тап (0:4, 0:2) және Словенияға екі рет есе жіберді (0:3, 0:1).

    Норвегияға қарсы Қазақстан сапында бастапқы құрамда ойнайтын футболшылар тізімі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.