jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Биыл сәтсіздіктер жылы": Черчесов құраманың жақсы ойын көрсетуге ниетті екенін айтты (видео)

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Harald Dostal/SEPA.Media /Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегиядан жеңілісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қазір ғана ойыннан кейін жігіттерге айттым: осы маусымдағы жалғыз қателіксіз ойнымыз – Норвегияға қарсы алғашқы матчымз болды. Ал бұл жолы жағдай басқаша. Қарсылас мықты, қысым жасады, бірақ біз өзіміз қарапайым сәттерде допты жоғалтпасақ, бұл қысым ойынға ешқандай әсер етпейтін еді. Голдар қателіктеріміздің кесірінен соғылды. Бұл тек бүгінгі ойында емес, барлық матчта байқалды.

    Команда ойнауға ниетті екенін көрсетті, сол үшін ойыншыларға алғысымды айттым. Бірақ осындай қарапайым қателіктерді келесі маусымда жою керек. Бұл жыл осындай сәтсіздіктер жылы сияқты. Енді келесі жылды жаңа парақтан бастаймыз, жеребені күтеміз. Барлығы өз ретімен болады", - деді Станислав Черчесов.

    Сондай-ақ Станислав Черчесов команданың нәтижесін жақсарту үшін қандай өзгерістер қажет екенін айтты.

    Айта кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы Норвегияға қарсы сырт алаңда өткен ойында 0:5 есебімен жеңіліп қалды.

    "Биыл сәтсіздіктер жылы": Черчесов құраманың жақсы ойын көрсетуге ниетті екенін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.