jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ешқандай сылтау өтпейді": мәжіліс депутаты бас бапкер Черчесовтің қызметінен кетуі керегін айтты

    Бас бапкер Станислав Черчесов
    Бас бапкер Станислав Черчесов. Фото: kff.kz

    Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысына сын тақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойынын сынады.

    "Бұл – сұмдық! Еш гол соға алмай, өз қапамызға 15 гол жіберіп алдық. Кез келген саналы бапкер осындай жағдайдан кейін отставкаға кетуі керек деп ойлаймын. Мұнда ешқандай сылтау өтпейді", - деді Самат Нұртаза.

    Депутат ұлттық құраманың матчтарын мұқият қадағалап, Қазақстанда өтетін ойындарға жиі баратынын айтты.

    "Бұрын біздің команда жеңілген күннің өзінде бұл мүлде басқаша болатын. Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңін еске алыңыздар – ол матчтарда біз күрестік, жеңісті жұлып алдық. Ал Норвегияға қарсы ойынды алып қарасақ, бұл мүлде басқа футбол, басқа адамдар ойнап жатқандай. Бапкер ойыншыларға дұрыс жігер бере алмады деп ойлаймын. Бұл – менің жеке пікірім", - деп қосты депутат.

    Еске сала кетейік, Станислав Черчесовтің жетекшілігімен футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының биылғы маусымында өнер көрсеткен 6 ойында 15 гол жіберіп, қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.

    Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының жаңа маусымында 5 мәрте жеңіліс тауып, 1 тең нәтижеге қол жеткізді. Станислав Черчесов шәкірттері Норвегиямен алғашқы матчта тең ойнаса (0:0), екінші матчта ірі есеппен жеңілді (0:5). Аустрияға қарсы екі ойында да жеңіліс тапты (0:4, 0:2) және Словенияға екі рет есе жіберді (0:3, 0:1).

    "Ешқандай сылтау өтпейді": мәжіліс депутаты бас бапкер Черчесовтің қызметінен кетуі керегін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.