jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұят емес": Лео Игита "Семейдің" Чемпиондар лигасындағы дебютіне баға берді

    Футзалшы Лео Игита
    Футзалшы Лео Игита. Фото: instagram.com/fcsemey

    Футзалдан Қазақстан құрамасының және "Семей" клубының қақпашысы Лео Хигита командасының УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі алғашқы ойыны туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Семейдің" Youtube-тағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футзалдан Қазақстан чемпионы "Семей" ұжымы Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуін испаниялық "Пальмаға" қарсы өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалған еді. Қазақстандық команданың жалғыз голын қақпашы Лео Игита соқты.

    "Өте қиын. Біз бұдан өзгені күткен де жоқпыз. Өз алаңымызда Еуропаның екі дүркін чемпионына қарсы ойнадық. Біз жақсы ойын көрсеттік, бірақ жеңіліп қалдық. Жоспарымыз да, стратегиямыз да болды, оның бәрін алаңда қалдырдық. Өкінішті, бірақ бұл жеңілісті ұмытып, әрі қарай жұмыс істеуіміз керек. Тек еңбекпен ғана қалағанамызға қол жеткізе аламыз деп сенемін.

    Гол соққан кездегі сезім керемет болды, мен қатты қуандым, бірақ бұл голды жеңіске айырбастағым келді. Мен жігіттерді мақтан тұтамын, өйткені олар алаңда барын салды. Көптеген мүмкіндік болды және біз оларды пайдалана алмадық. Сәттілік қарсыластың жағында болды. Біз "Семей" дұрыс жолда келе жатқанын және футзалдың жоғары деңгейін көрсеттік. Мен бұл матч үшін ұялмаймын. Әлі-ақ үлкен жетістікке жетеміз", - деді Игита.

    Айта кетейік, D тобындағы "Семей" енді польшалық "Рекорд Бельско-Бяла" мен словакиялық "Мимел Лученецке" қарсы ойындар өткізеді. Әр топтың жеңімпаздары футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алады.

    "Ұят емес": Лео Игита "Семейдің" Чемпиондар лигасындағы дебютіне баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.