jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Бақтиер Зайнутдинов жаңа бапкердің жетекшілігімен өткен алғашқы матчта 11 минут ойнады

    Бақтиер Зайнутдинов
    Бахтиер Зайнутдинов. Фото: Ahmad Mora/DeFodi Images via Getty Images

    Стамбұлдық "Бешикташ" футбол клубы Түркия Суперлигасының 13-турында "Хатайспор" клубымен тең тарқасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Стамбұлдық "Бешикташ" футбол клубы сырт алаңда "Хатайспор" командасымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.

    Бұл кездесудегі алғашқы голды матчтың 29-минутында "Хатайспор" клубының жартылай қорғаушысы Геркем Саглам соқты.

    Ал матчтың 41-минутында "Бешикташтың" шабуылшысы Чиро Иммобиле есепті теңестірді.

    Бұл матч команда үшін бас бапкер Джованни ван Бронкхорст қызметінен кеткеннен кейінгі алғашқы кездесу болды. Қазіргі таңда клубтың бас бапкері міндетін Сердар Топрактепе атқарып жүр.

    Ал "Бешикташ" клубында өнер көрсететін қазақстандық Бақтиер Зайнутдинов матчтың 85-минутында алаңға шығып, небәрі 11 минут ойнауға мүмкіндік алды. Түркия Суперлигасының биылғы маусымында Бақтиер Зайнутдинов тек 3 матчқа қана қатысқан.

    Айта кетейік, "Бешикташ" футбол клубы Түркия Суперлигасында 22 ұпай жинақтап, турнир кестесінің 5-орнына жайғасқан. Стамбұлдық клуб көш басында келе жатқан "Галатасарайдан" 13 ұпайға артта келеді.

    Бақтиер Зайнутдинов жаңа бапкердің жетекшілігімен өткен алғашқы матчта 11 минут ойнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.