Спорт

Зектілері

"Көпшілік наразы": Магомед Адиев ұлттық құраманың қазіргі әлеуеті туралы айтты

Жарияланған күні:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Liam McBurney / PA Images / Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қазіргі бапкер Станислав Черчесовтің жетекшілігіндегі команданың көрсеткіштеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport-express.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан құрамасының нәтижелері түсінікті, бұл көрсеткішке көпшілік наразы. Шынымды айтсам, қазір құрама туралы көп ойламаймын. Иә, матчтарды қараймын, бірақ олардың ойынын бапкер ретінде талдаған емеспін. Команданың өз бапкері бар, оған команданың әлеуеті анағұрлым белгілі. Әрине, барлығының жақсы болғанын қалаймыз", - деді Магомед Адиев.

Станислав Черчесов биыл жазда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін қолына алған болатын. Оның басшылығымен команда Ұлттар лигасында 6 ойын өткізіп, 1 матчта тең түсіп, 5 ойында жеңіліс тапқан. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы B лигасының үшінші тобында 1 ұпаймен төртінші орын алып, C лигасына түсіп қалды.

Айта кетейік, Магомед Адиев 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2195853-kopshilik-narazy-magomed-adiev-ulttyq-quramanyng-qazirgi-tangdagy-aleueti-turaly-aitty/