Спорт

Зектілері

"Футболды сағындым": Бақтиер Зайнутдинов "Бешікташ" сапындағы қазіргі жағдайы туралы айтты

Жарияланған күні:

Бақтиер Зайнутдинов
Бақтиер Зайнутдинов. Фото: instagram.com/bateka_11

Қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдинов стамбұлдық "Бешикташ" клубындағы қазіргі жағдайына байланысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингер" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы аптада Бақтиер Зайнутдинов Түркия чемпионатының биылғы маусымындағы үшінші матчын "Хатайспорға" қарсы өткізіп, ұзақ үзілістен кейін жасыл алаңнан қайта көрінген болатын. Бақтиер Зайнутдинов екінші таймның 84-минутында алаңға шықты. Бұған дейін ол соңғы рет "Бешикташ" сапында қазан айында ойнаған болатын.

"Футболды қатты сағындым. "Бешикташ" жейдесін қайта кию – мен үшін үлкен мәртебе. Ұзақ уақыт бойы ойнамаған қиын, бұл ұлттық құраманың ойындарына да әсер етеді. Көп еңбектенсек, Алла қаласа, бәрі жақсы болады", - деді Бақтиер Зайнутдинов.

Бұған дейін клуб голландиялық бас бапкер Джованни ван Бронкхорсттың қызметінен кеткенін хабарлаған еді. Бұл шешім 28 қарашада УЕФА Еуропа лигасы аясында "Маккаби" (Израиль) клубына қарсы матчтағы (1:3) жеңілістен кейін қабылданған. Уақытша бас бапкер қызметін Сердар Топрактепе атқаруда.

"Иә, жаңа бапкермен сөйлестім, онымен бұрыннан таныспын. Ол бұған дейін де бас бапкердің уақытша міндетін атқарған, сол кезде мен де оның қол астында ойнадым. Бізде жақсы, жұмыс бабындағы қарым-қатынас бар. Ол Ван Бронкхорст пен Фернандо Сантуштың көмекшісі болған еді", - деді Зайнутдинов.

Айта кетейік, "Бешикташ" футбол клубы Түркия чемпионатындағы келесі матчын ертең, 7 желтоқсанда өткізеді. Команда өз алаңында "Фенербахчені" қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2197251-futboldy-sagyndym-baqtier-zainutdinov-beshiktash-sapyndagy-qazirgi-zhagdaiy-turaly-aitty/