jitsu gif
Спорт

    Нәтижелі пас берді: Зайнудтинов биылғы маусымда алғаш рет "Бешікташтың" негізгі құрамында ойнады

    Бақтиер Зайнутдинов
    Бақтиер Зайнутдинов. Фото: instagram.com/bateka_11

    Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов 2024/2025 жылғы маусымда алғаш рет түркиялық "Бешікташтың" негізгі құрамында ойнап, нәтижелі пас берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Түркиялық клуб УЕФА Еуропа лигасы жалпы кезеңінің алтыншы туры аясында сырт алаңда норвегиялық "Буде-Глимтпен" ойнады. Зайнутдинов биылғы маусымда алғаш рет "Бешікташтың" негізгі құрамына енді.

    Қазақстандық футболшы ойынның 21-минутында Жедсон Фернандешке нәтижелі пас берді. Соның арқасында "Бешікташ" есепте алға шықты. Алайда кейін "Буде-Глимт" сапынан Филип Синкернагель (37) және Один Бертуфт (43) гол соқты. Осылайша норвегиялық команда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

    "Бешікташ" ұжымы осымен төртінші рет Еуропа лигасының жаңа маусымында жеңілді. Клубтың еншісінде екі жеңіс бар. Бұған дейін команда франциялық "Лионды" (1:0) және швециялық "Мальмоны" (2:1) жеңген. Сырт алаңда "Бешікташ" амстердамдық "Аяксаға" (0:4), ал өз алаңында 1:3 есебімен германиялық "Айнтрах" пен израильдік "Маккабиден" (Тель-Авив) жеңіліп қалды.

    Нәтижелі пас берді: Зайнудтинов биылғы маусымда алғаш рет "Бешікташтың" негізгі құрамында ойнады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.