jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Александр Бокулев
    Александр Бокулев
    Журналист және редактор

    "Астана" клубы "Челсиден" жеңілгеннен кейін Конференция лигасының кестесінде төмендеп кетті

    Кипрас Кажуколовас
    Кипрас Кажуколовас. Фото: Chris Lee - Chelsea FC/Chelsea FC via Getty Images

    УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңнің 5-туры аяқталды. Барлық матчтың қорытындысы бойынша "Астана" турнир кестесінде төмендеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

    Кеше, 12 желтоқсанда УЕФА Конференция лигасы аясында Алматыда елордалық "Астана" клубы лондондық "Челсиден" 1:3 есебімен жеңілген болатын. Осы жеңістің арқасында лондондық клуб 15 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке дара көш бастады.

    Ал "Астана" футбол клубы аталмыш матчтан кейін турнир кестесінің 28-сатысына сырғыды. Қазіргі уақытта елордалық команданың қоржынында 4 ұпай бар.

    Бұған дейін "Астана" сербиялық "ТСЦ Бачка-Топола" командасын 1:0 есебімен жеңіп, португалиялық "Виториямен" 1:1 есебімен тең түсті. Алайда Уэльстің "Нью-Сейнтс" командасынан 0:2 және кипрлік "Пафостан" 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

    Соңғы турда "Астана" футбол клубы кипрлік "АПОЭЛ" командасына қарсы ойын өткізеді. Матч 19 желтоқсанда Кипрде өтеді.

    УЕФА Конференция лигасы 5-турының нәтижелері:

    • "Викингур" (Исландия) – "Юргорден" (Швеция) – 1:2;
    • "Астана" (Қазақстан) – "Челси" (Англия) – 1:3;
    • "Ноа" (Армения) – "АПОЭЛ" (Кипр) – 1:3;
    • "Петрокуб" (Молдова) – "Бетис" (Испания) – 0:1;
    • "Динамо Минск" (Беларусь) – "Ларн" (Солтүстік Ирландия) – 2:0;
    • "Олимпия" (Словения) – "Серкль Брюгге" (Бельгия) – 1:4;
    • "Легия" (Польша) – "Лугано" (Швейцария) – 1:2;
    • "ХИК" (Финляндия) – "Мольде" (Норвегия) – 2:2;
    • "Копенгаген" (Дания) – "Хартс" (Шотландия) – 2:0;
    • "Истанбул Башакшехир" (Түркия) – "Хайденхайм" (Германия) – 3:1;
    • "Фиорентина" (Италия) – "ЛАСК" (Аустрия) – 7:0;
    • "Санкт-Галлен" (Швейцария) – "Витория Гимарайнш" (Португалия) – 1:4;
    • "Пафос" (Кипр) – "Целе" (Словения) – 2:0;
    • "Гент" (Бельгия) – "ТСЦ" (Сербия) – 3:0;
    • "Нью-Сейнтс" (Уэльс) – "Панатинаикос" (Грекия) – 0:2;
    • "Млада Болеслав" (Чехия) – "Ягеллония" (Польша) – 1:0;
    • "Шемрок Роверс" (Ирландия) – "Борац" (Босния және Герцеговина) – 3:0;
    • "Омония" (Кипр) – "Рапид" (Аустрия) – 3:1.

    Айта кетейік, УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің 6-тур ойындары 19 желтоқсанда өтеді.

    "Астана" клубы "Челсиден" жеңілгеннен кейін Конференция лигасының кестесінде төмендеп кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.