Спорт

Зектілері

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары анықталады

Жарияланған күні:

Футболдан Қазақстан құрамасы
Футболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Liam McBurney/PA Images via Getty Images

Бүгін, 13 желтоқсанда футболдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жеребе тарту рәсімі Цюрихте (Швейцария) өтеді. Аталмыш шара Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Қазақстан құрамасы 4-себетте орналасқан. Демек біздің команда Болгария, Литва, Латвия, Люксембург, Кипр, Эстония, Әзербайжан, Косово, Армения, Беларусь және Фарер аралдары құрамаларымен бір топқа түсе алмайды.

Барлық команда 4 және 5 құрамадан тұратын 12 топқа бөлінеді. Төрт командадан тұратын алғашқы алты топ (A-F) іріктеу турнирін 2025 жылдың қыркүйегінде бастаса, қалған 5 командадан тұратын 6 топ (G-L) 2025 жылдың наурызында бастайды. Топ жеңімпазы Әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иегері қосымша матч өткізеді.

Айта кетейік, іріктеу кезеңінің топтық кезеңі 2025 жылдың наурызында басталып, қарашасында аяқталады. Ал плей-офф 2026 жылдың 26 және 30 наурызында болады.

Футболдан әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. ФИФА-ның футбол шекарасын кеңейту бағдарламасы аясында турнирге бірден 48 құрама қатыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2200251-bugin-futboldan-qazaqstan-quramasynyng-alem-chempionatyna-irikteudegi-qarsylastary-anyqtalady/