jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады

    Футзалдан Қазақстан құрамасы
    Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында Албанияны жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Албания астанасы Тиранада өткен ойын 2:0 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Жеңімпаздар сапынан Лео (5-минутта) және Ақжол Дәрібай (39-минутта) гол соқты.

    Осылайша Қазақстан құрамасы үш ұпайға ие болды. Енді Рикардо Кака шәкірттері 18 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Армения құрамасын қабылдайды.

    Іріктеу турнирінің 6-тобында Қазақстан мен Албаниядан бөлек Армения мен Дания құрамалары бар. Әр команда өз алаңында үш және сырт алаңда үш матч өткізеді. Жарыстың финалдық кезеңіне тек топта жеңіске жеткен команда шығады.

    Айта кетейік, 2022 жылы футзалдан Еуропа чемпионатында Португалия құрамасы жеңімпаз атанған еді. Команда финалда Ресейді 4:2 есебімен жеңді. Бұл турнирді Қазақстан 5-орынмен аяқтады.

    Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.