Спорт

Зектілері

"Төтеп беруге болады": футбол сарапшысы ұлттық құраманың іріктеу турниріндегі мүмкіндігін бағамдады

Жарияланған күні:

Бақтиер Зайнутдинов
Бақтиер Зайнутдинов. Фото: Damjan Zibert/Soccrates/Getty Images

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстанның мүмкіндігіне қатысты пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстан жақсы топқа түсті. Бельгия – бұл топтың айқын фавориті, бірақ олар бұрынғыдай мықты емес. Соңғы жылдары бельгиялықтар әлсіреп кетті. Уэльс пен Македония – өте мықты құрамалар, бірақ оларға төтеп беруге болады. Англия немесе Испания сияқты топ-командалар жоқ. Сондықтан Қазақстан үшін бұл жақсы мүмкіндік. Барлық қарсыласпен тең дәрежеде ойнауға болады. Жалпы алағанда Қазақстан үшін жеребе сәтті түсті", - деді Евгений Аверченко.

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндеҚазақстан құрамасы J тобына түсті. Ұлттық құрама іріктеуде Бельгия, Уэльс, Македония және Лихтенштейн құрамаларына қарсы кездесу өткізеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңі 2025 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2201060-totep-beruge-bolady-futbol-sarapshysy-ulttyq-quramanyng-irikteu-turnirindegi-mumkindigin-bagamdady/