jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    ҚФФ президенттігіне 2 үміткер сайлауға қатысудан бас тартты

    Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) логотипі
    Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) логотипі. Фото: instagram.com/kff_resmi

    Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне үміткер Жамантаев Ерлан Айтпайұлы сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    2024 жылдың 18 желтоқсанында Қазақстан футбол федерациясының Сайлау комитетіне Жамантаев Ерлан Айтпайұлы ("Жеке футбол мектептері мен академияларының республикалық лигасы қауымдастығы" ЗТБ өкілі) сайлауға қатысудан өз еркімен бас тартуы туралы өтініш білдірді.

    Берілген өтінішке сәйкес, ҚФФ Сайлау комитеті Жамантаев Ерлан Айтпайұлын ҚФФ президенті лауазымына үміткерлер тізімінен шығару туралы шешім қабылдады. 

    Сондай-ақ бұған дейін ҚФФ президенттігіне өтінім берген Мағау Наргис Ерланқызы сайлауға түсуден өз еркімен бас тартты.

    Осылайша, ҚФФ президенттігіне үміткерлердің түпкілікті тізімі келесідей:

    • Даумов Алтай Алмасұлы – "Алматы облысының футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
    • Қайыров Ербол Қыдырбекұлы – "Ақмола облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
    • Лория Давид Григорьевич – "Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы" ЗТБ атынан;
    • Омаров Марат Талғатұлы – "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан.

    Айта кетейік, ҚФФ-ның кезектен тыс XXVII сайлау конференциясы 2024 жылдың 20 желтоқсанында өтеді, онда федерацияның жаңа басшысы анықталады.

    ҚФФ президенттігіне 2 үміткер сайлауға қатысудан бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.