jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Реал Мадрид" Құрлықаралық кубоктың финалында ірі жеңіске жетіп, чемпион атанды

    "Реал" футбол клубының ойыншылары
    "Реал" футбол клубының ойыншылары. Фото: Christopher Pike - FIFA/FIFA via Getty Images

    Мадридтік "Реал" клубы мексикалық "Пачуканы" ірі есеппен жеңіп, Құрлықаралық кубоктың иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мадридтік "Реал" Құрлықаралық кубоктың финалына автоматты түрде жолдама алды, ал "Пачука" бразилиялық "Ботафого" (3:0) мен мысырлық "Әл Ахли" (0:0, пенальти бойынша 6:5) клубтарын жеңгенінің арқасында ақтық сынға шықты.

    Титулдық кездесу 3:0 есебімен мадридтіктердің пайдасына аяқталды. Бұл матчта голдарды Килиан Мбаппе (37-минут), Родриго (53) және Винисиус Жуниор (84, пенальтиден) соқты.

    "Реал" футбол клубы төртінші рет Құрлықаралық кубокты жеңіп алды (1960, 1998, 2002, 2024). Айта кететін жайт – 1960 жылдан 2004 жылға дейін ұйымдастырылған бұл жарысты УЕФА Чемпиондар лигасының және Либертадорес кубогының жеңімпаздары сарапқа салды. Құрлықаралық кубок жарысы белгісіз біір себептерге байланысты 2004 жылдан бері ұйымдастырылмады. Тек биыл ғана өз жалғасын тапты.

    Айта кету керек, биылғы маусымда Құрлықаралық кубокқа барлық алты конфедерацияның негізгі клубтық турнирлерінің жеңімпаздары қатысты. Бұған дейін клубтар арасындағы әлем чемпионаты осындай форматта өткізілсе, келесі жазда ол жаңартылған жүйе бойынша 32 команданың қатысуымен өтеді.

    "Реал Мадрид" Құрлықаралық кубоктың финалында ірі жеңіске жетіп, чемпион атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.