jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Максим Самородовтың голы Ресей чемпионатының үздігі деп танылды (видео)

    Максим Самородов
    Максим Самородов. Фото: "Ахмат" футбол клубының баспасөз қызметі

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородовтың голы Ресей премьер-лигасының қараша-желтоқсан айындағы ең үздік деп танылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ресей премьер-лигасының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Грозныйлық "Ахмат" клубының шабуылшысы Максим Самородовтың Ресей премьер-лигасының 16-туры аясында "Крылья Советов" қақпасына соққан голы чемпионаттың қараша-желтоқсан айының үздігі деп танылды. Футболдан Ресей біріншілігінің комментаторлары мен спорт сарапшыларының көпшілік дауысының арқасында Максим Самородов бұл жүлдеге қол жеткізді.

    Сондай-ақ аталмыш жүлдеге Макстан бөлек Тео Бонгонда, Хуан Боселли, Луис Чавес, Доминик Ороз, Родриго Саравия және Игорь Лещук үміткер болған еді.

    Айта кетейік, қазақстандық шабуылшы Максим Самородов биыл 6 тамызда "Ақтөебеден" ресейлік "Ахмат" клубына ауысқан болатын. Грозныйлық клубтың сапында Максим Самородов екі гол соқты.

    Максим Самородовтың голы Ресей чемпионатының үздігі деп танылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.