jitsu gif
Спорт

    Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында қатарынан үшінші матчта гол соқты (видео)

    Абат Айымбетов
    Абат Айымбетов. Фото: instagram.com/aimbetov9507

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" клубы сапында гол соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Адана Демирспор" футбол клубы Түркия Суперлигасының 17-турында сырт алаңда "Хатайспорды" 3:1 есебімен жеңді.

    Матчтың алғашқы голын 26-минутта "Хатайспор" клубының ойыншысы Венсан Абубакардың көмегімен соқты.

    Алайда екінші таймда "Адана Демирспор" есепті теңестіре алды. 61-минутта Семих Гюлер гол соғып, есепті 1:1-ге жеткізді. Осы сәтте "Хатайспор" ойыншысы Дженгиз Демир қызыл қағаз алып, командасы алаңда он ойыншымен қалған болатын.

    70-минутта "Адана" командасының ойыншысы Озан Демирбаг есепті ұлғайтты. Ал 75-минутта Абат Айымбетов әдемі комбинацияны шебер аяқтап, матчқа нүкте қойды.

    Осылайша Абат Айымбетов қатарынан үшінші матчта "Адана Демирспор" сапында гол соқты. Бұған дейін ол "Гезтепе" мен "Бешікташ" командаларының қақпасынан саңылау тапқан.

    Айта кетейік, "Адана Демирспор" осы жеңісіне қарамастан, 8 ұпай жинап, Түркия чемпионатының турнир кестесінде 19-орынға тұрақтады.

    Абат Айымбетов Түркия Суперлигасында қатарынан үшінші матчта гол соқты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.