jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті

    Ғани Қайназаров
    Ғани Қайназаров. Фото: qfl.kz

    Ғани Қайназаров Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ лиганың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ғани Қайназаров биыл 17 мамырда футбол ұйымының басшылығына сайланған еді. Оның қызметтен кетуіне өзге жұмысқа ауысуы әсер етті.

    "Qazaqstan Football League-сында осы жылы отандық футболды дамытуға бағытталған біршама реформалар жүзеге асты. Мен үшін QFL-ді басқару үлкен құрмет әрі жауапкершілік және көптеген жобалардың іске асуына үлес қосқаныма қуаныштымын. Лиганың командасы, футбол клубтары, біздің серіктестер, БАҚ өкілдері және құрметті жанкүйерлерге қолдау танытып, бірге жемісті қызмет атқарғаны үшін рақметімді айтамын", - деді Ғани Қайназаров. 

    Qazaqstan Football League Ғани Әділханұлына өз алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.

    Айта кетейік, жаңа басшыны сайлау бойынша мәселе жақын уақытта Лига мүшелерінің кезектен тыс отырысында талқыланатын болады.

    Ресми: Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.