jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Ғани Қайназаров Қазақстан футбол федерациясының жаңа директоры болды

    Ғани Қайназаров
    Ғани Қайназаров. Фото: https://t.me/kff_team

    Танымал футбол маманы Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетіп, ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына қайта оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан футбол федерациясының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ғани Әділханұлы бұл қызметін 2016-2017 және 2022-2024 жылдары атқарған болатын. Оның басшылығы кезінде Қазақстан құрамасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді: 2016 жылы команда ФИФА рейтингінде рекордтық 83-орынға көтеріліп, ұлттық құраманың тарихындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Ал 2023 жылы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде 18 ұпай жинап, жаңа рекорд орнатты.

    Футболшы кезінде Ғани Қайназаров "Тараз", "Қайрат" және Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. Ойыншылық мансабын аяқтағаннан кейін "Тараз" және "Астана" футбол клубтарында жетекшілік қызметін атқарды.

    Айта кетейік, бүгін, 24 желтоқсанда Qazaqstan Football League президенті қызметінен кетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.