jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Ешкім байланысқа шыққан жоқ": Магомед Адиев ұлттық құрамаға қайта оралуы туралы ойын айтты

    Бапкер Магомед Адиев
    Бапкер Магомед Адиев. Фото: JURE MAKOVEC/AFP via Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев өзінің командаға қайта оралуы туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Экспресс" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Менімен ешкім байланысқа шыққан жоқ. Қазір федерацияда жаңа басшылық бар. Олардың қазіргі басты міндеттері – ұйымдастыру жұмыстары. Сонымен қатар құраманың бас бапкері бар және келісімшарты күшінде. Мұндай жағдайда басқа мамандармен келіссөз жүргізу дұрыс емес деп есептеймін. Бүгінге дейін ешқандай ұсыныс түскен жоқ", - деді Магомед Адиев.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында БАҚ-та футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуіне қатысты түрлі ақпараттар тараған болатын. Осыған байланысты ҚФФ бас бапкер Станислав Черчесовке қатысты ресми мәлімдеме жасады.

    Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың мамырына дейін баптады. Сондай-ақ ол "Чайка" және "Анжи" клубтарын жаттықтырған.

    "Ешкім байланысқа шыққан жоқ": Магомед Адиев ұлттық құрамаға қайта оралуы туралы ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.