jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    22 жыл ешкім еңсере алмады: 17 жастағы футболшы Роналдудың рекордын жаңартты

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду: Yasser Bakhsh/Getty Images

    17 жастағы португалиялық футболшы Жеовани Кенда Криштиану Роналдудың 22 жыл бойы ешкім еңсере алмай келе жатқан рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ португалиялық Observador басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Португалия чемпионатының 16-турында "Спортинг" өз алаңында "Бенфикамен" кездесіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 29-минутта "Спортинг" клубының жартылай қорғаушысы Жени Катаму соқты.

    Бұл матчта "Спортинг" сапында португалиялық жас футболшы Жеовани Кенда алаңға шықты. 17 жастағы футболшы бұл матчқа қатысу арқылы клуб тарихында доп тепкен ең жас ойыншы ретінде рекордты бұзды (17 жас 8 ай).

    Бұрын бұл рекорд шабуылшы Криштиану Роналдуға тиесілі еді. Ол "Спортинг" клубы сапында алғаш рет алаңға шыққанда, оның жас мөлшері 17 жас 10 ай болған. Криштиану Роналдудың 2002 жылдан бері сақталып келген рекорды 22 жылдан кейін алғаш рет жаңартылды.

    Жеовани Кенда Гвинея елінде дүниеге келген, бірақ бала кезінде Португалияға көшіп келген. 2016 жылы ол футболдағы алғашқы қадамдарын "Дамайенсе" командасында бастады, ал 2017 жылы "Бенфика" академиясына қабылданды. 2019 жылы ол "Спортингке" ауысты.

    Айта кетейік, Криштиану Роналду "Спортинг" сапында 2002-2003 жылдары ойнап, кейін мансабын "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" , "Ювентус" клубтарында жалғастырды. Ал былтырдан бері ол Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубында өнер көрсетеді.

    22 жыл ешкім еңсере алмады: 17 жастағы футболшы Роналдудың рекордын жаңартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.