Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Тобыл" өткен маусымның үздік сұрмергені мен ұлттық құрама қақпашысын сатып алды

Жарияланған күні:

"Астанa" мен "Тобыл" арасындағы матч
"Астанa" мен "Тобыл" арасындағы матч. Фото: fctobol.kz

Қазақстан құрамасының қақпашысы Данил Устименко мен ел біріншілігінің өткен маусымдағы үздік сұрмергені Николай Сигневич "Тобылмен" келісім-шартқа отырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Тобылдың" Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қақпашы Данил Устименконың мансабы Алматының "Цеснасынан" басталды. Кейін "Қайрат" футбол клубының академиясына ауысты. Клуб құрылымында 12 жылдан астам уақыт доп тепті. Ал "Қайраттың" негізгі командасының сапында 74 кездесуде алаңға шықты. Осы маусымда Әзербайжанға қарсы матчта ұлттық құрамада дебют жасады.

Беларусь шабуылшысы Николай Сигневич ресми түрде қостанайлық клубпен келісім-шартқа отырды. Өткен жылғы маусымда "Атырау" сапында ол 10 гол соғып, Ислам Чесноковпен бірге чемпионаттың үздік шабуылшысы атанған.

Айта кетейік, Қазақстан премер лигасының өткен жылғы маусымында алматылық "Қайрат" топ жарып, чемпион атанды. Ал қостанайлық "Тобыл" 39 қпаймен 5-орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2207447-tobyl-otken-mausymnyng-uzdik-surmergeni-men-ulttyq-qurama-qaqpashysyn-satyp-aldy/