jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді

    Футзалдан Қазақстан құрамасы
    Футзалдан Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz

    Футзалдан Қазақстан ерлер құрамасы Futsal Planet нұсқасы бойынша әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақстан құрамасы 2024 жылдың үздік ұлттық командасы аталымына үміткер болып отыр. Сондай-ақ тізімде тағы 9 құрама бар. Олар: Аргентина, Аргентина U-20, Бразилия, Франция, Индонезия, Иран, Марокко, Таиланд және Украина.

    2024 жылы Қазақстан құрамасы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына қатысып, ширек финалда Аргентинадан жеңіліп қалған еді. Ұлттық команда 1/8 финалда бұрынғы әлем чемпионы Португалия құрамасын ұтқан болатын.

    Сондай-ақ Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойынында сырт алаңда Албанияны 2:0 есебімен жеңді. Кейін өз алаңында Армениямен тең ойнады (4:4).

    Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемнің үздік командасы атағына үміткерлер тізіміне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.