
Еркебұлан Сейдахмет келісімшартының аяқталуына байланысты алматылық "Қайрат" футбол клубынан кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Еркебұлан Сейдахмет "Қайрат" сапына 2019 жылғы жазда қосылған еді. Ол алматылық командада бес маусымда 107 матч өткізіп, 8 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Командамен бірге Еркебұлан Қазақстан чемпионы әрі ел Кубогының иегері атанды.
"Қайрат" футбол клубы Еркебұланға көп жыл бойы жан-тәнімен ойнағанына алғыс айтады! Болашақ мансабыңда сәттілік тілейміз!", - делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, 24 жастағы Еркебұлан Сейдахмет жанкүйерлер арасында "Қазақтың Мессиі" атанып кеткен. Ол футболдағы мансабында "Жетісу", "Тараз", болгариялық "Левски" және ресейлік "Уфа" клубтарында ойнаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2208630-qazaqtyng-messii-atangan-futbolshy-bes-zhyl-oinagan-klubynan-ketti/
Пікірлер жүктелуде