Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Қайрат Нұрдәулетов "Ертіс" футбол клубының бас бапкері атанды

Жарияланған күні:

Қайрат Нұрдәулетов
Қайрат Нұрдәулетов. Фото: instagram/ertis_fc

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубы бас бапкерлік қызметке қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов тағайындады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ертістің" жаттықтырушылар штабына тәжірибелі Юрий Новиков та кіреді. Айта кетейік, Қайрат Нұрдәулетов павлодарлық клубтың намысын 2002-2004 жыл аралығында қорғап, екі мәрте чемпиондық атақтарға қол жеткізуге елеулі үлес қосқан. 2002 жылы "Ертіс" ойыншысы бола тұра Қазақстанның үздік жартылай қорғаушысы болып танылып, павлодарлық клубта өнер көрсетудің арқасында ұлттық құрамаға алғашқы рет шақырту алған еді. "Ертіс" сапында ел чемпионатында 86 матч өткізген, жалпы Қазақстан Премьер лигасында 300 аса ойынға қатысқан.

Футболшы мансабын аяқтағаннан кейін ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына кіріп, кейін Қазақстан жастар құрамасының, премьер лигада "Мақтаарал" және "Жетісу" командаларының бас бапкері болған.

Ал жергілікті футбол мектебінің тәрбиеленушісі Юрий Новиков "Ертіс" сапында үш мәрте ел чемпионы атанып, Қазақстанның үздік голкипері, үздік ойыншысы болған еді. Жоғары дивизионда 300 жуық матч өткізген. Қақпашылар жаттықтырушысы ретінде "Атырау", "Тобыл", "Тараз", "Қайрат" командаларында жұмыс істеген.

Сонымен қатар "Ертіс" клубының жаттықтырушылар штабына бас бапкер көмекшісі болып жергілікті маман Валерий Белгібаев тағайындалса, қазақстандық маман Асқар Идрисов физикалық дайындыққа жауапты бапкер болса, Григорий Сартаков реабилитолог жаттықтырушы ретінде клубтағы қызметін жалғастырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2208905-qairat-nurdauletov-ertis-futbol-klubynyng-bas-bapkeri-atandy/