jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Қарсыластар мықты": Черчесов ұлттық құраманың әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі мүмкіндігін бағамдады

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Серғали Балажан

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов 24KZ телеарнасына берген сұқбатында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турниріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Іріктеу турнирінде Қазақстан бір топта Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен бақ сынайды.

    "Уэльс, Бельгия, Солтүстік Македония туралы айтатын болсақ, Лихтенштейнді де естен шығармауымыз керек. Олар Ұлттар лигасында өз тобында бірінші орын алды. Уэльс те B тобында жеңімпаз атанып, жоғары дивизионға көтерілді. Топтағы қарсыластар мықты деп айтуға болады. Қарсыластарды зерттеп, оларды білуіміз керек, бірақ ең бастысы – өзіміздің дайындығымыз бен бәсекеге қабілеттілігіміз. Бізге жақсы жұмыс істеу қажет", - деді Станислав Черчесов.

    Сондай-ақ Станислав Черчесов "Астана Аренадағы" жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін команданың Астанаға оралатынын айтты. Сонымен қатар ол ұлттық құраманың өз алаңындағы матчтарын басқа қалаларда өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

    "Мысалы, Бельгияны қонақүйі, жақсы жаттығу алаңы жоқ жерге апара алмайсың. Ақтөбеде болдым. Айтпақшы, онда жаңа стадион салынып жатыр, бұл өте маңызды. Ақтөбе әрдайым футбол қаласы болған, онда керемет стадион бар. Аймақтарға барғанда, командамен жақын танысу, кездесу маңызды. Егер барлық жағдай жасалса, мен бұл бастаманы өзім де қолдауға дайынмын", - деді Черчесов.

    Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчтары биыл наурызда басталып, қарашаға дейін жалғасады. Әр топта жеңімпаз атанған құрамалар әлем чемпионатына тікелей өтеді. Сондай-ақ екінші орын иегерлері тағы 4 жолдама сарапқа салынатын плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

    "Қарсыластар мықты": Черчесов ұлттық құраманың әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі мүмкіндігін бағамдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.