Лондондық "Тоттенхэм" мен Уругвай ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Родриго Бентанкур "Ливерпульге" қарсы матчта ауыр жарақат алып қалыуына байланысты ойынды соңына дейін жалғастыра алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қос команда Англия кубогының жартылай финалында кездесті. Матчтың 6-минутында Родриго Бентанкурдың жарақат алып қалуына байланысты ойын уақытша тоқтатылды.
Бұрыштан көтерілген допты қабылдау кезінде уругвайлық футболшы оны басымен ұруға тырысқан. Бірақ Родриго Бентанкур допқа жете алмай, көгалға құлап түсті, содан кейін ол қозғала алмады. Дәрігерлер алаңға тез жүгіріп жетіп, он минутқа жуық медициналық көмек көрсетті. Алғашқы ақпараттарға сүйенсек, Родриго Бентанкур жарақат алған сәтінде есінен танып қалған.
Нәтижесінде Бентанкурды дәрігерлер алаңнан оттегі маскасын таққызып, зембілмен алып кетті. Ойын барысында Родриго Бентанкурдың орнына Бреннан Джонсон шықты.
Кейін "Тоттенхэм" баспасөз қызметі уругвайлықтың есін жиғанын, сөйлей бастағанын және ауруханада одан әрі тексеруден өтетінін хабарлады.
Айта кетейік, бұл матчта "Тоттенхэм" клубы 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2209701-tottenhem-oiynshysy-match-barysynda-auyr-zharaqat-alyp-esinen-tanyp-qaldy/