Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

Қазақстандық футболшылардың трансферлік нарықтағы құны қаншаға өсті

Жарияланған күні:

Нұралы Әліп
Нұралы Әліп. Фото: Mike Kireev/NurPhoto via Getty Images

Өткен маусымда сәтті өнер көрсеткен бірнеше қазақстандық футболшының трансферлік нарықтағы құны өсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Transfermarkt порталына сілтеме жасап хабарлайды.

1. Нұралы Әліп, 2024 жылы – 3 миллион еуро, 2025 жылы – 3,5 миллион еуро, (+500 мың еуро)

Футболдан Қазақстан құрамасының және ресейлік "Зенит" командасының ойыншысы Нұралы Әліп өткен маусымда РПЛ чемпионы, Ресей кубогы мен Суперкубогының жеңімпазы атанды.

2. Ислам Чесноков 2024 жылы – 400 мың еуро, 2025 жылы – 800 мың еуро, (+400 мың еуро)

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубының шабуылшысы Ислам Чесноков өткен маусымда ҚПЛ-дың үздік сұрмергені атанып, 10 гол соқты.

3. Әділет Садыбеков, 2024 жылы – 300 мың еуро, 2025 жылы – 700 мың еуро, (+400 мың еуро)

22 жастағы Әділет Садыбеков жарақатына байланысты маусымның жартысын өткізіп алғанына қарамастан "Қайрат" командасының үздік ойыншыларының біріне айналды. Енді ол биыл "Қайрат" сапында еурокубокқа қатысады.

4. Максим Самородов, 2024 жылы – 900 мың еуро, 2025 жылы – 1,2 миллион еуро, (+300 мың еуро)

Самородов өткен жылы "Ақтөбеден" ресейлік "Ахматқа" ауысты. Ол жаңа клубында гол соғып, нәтижелі пас беріп жиі көзге түсіп жүр.

5. Әлібек Қасым, 2024 жылы – 600 мың еуро, 2025 жылы – 900 мың еуро, (+300 мың евро)

"Ақтөбе" қорғаушысы Әлібек Қасым өткен маусымын сәтті өткізді. Ол клубпен бірге Қазақстан Кубогын жеңіп алды және Станислав Черчесовтың жетекшілігімен ұлттық құрамада дебют жасады.

Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың ойынын сынайтындарға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2210190-qazaqstandyq-futbolshylardyng-transferlik-naryqtagy-quny-qanshaga-osti/