jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Бауыржан Исламхан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің матчтарына қатыса алмауы мүмкін

    Бауыржан Исламхан
    Бауыржан Исламхан. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан жарақат алып қалуына байланысты әлем чемпионатына іріктеу турнирінің алғашқы матчтарына қатыспауы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    31 жастағы Бауыржан Исламхан жарақат алып қалуына байланысты ота жасатты. Осының салдарынан Бауыржан Исламхан Уэльс пен Лихтенштейнге қарсы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарына қатыспауы мүмкін.

    Соңғы екі маусымда Бауыржан Исламхан шымкенттік "Ордабасы" сапында өнер көрсетіп жүр. Сондай-ақ жартылай қорғаушы мансабында "Тараз", "Қайрат", "Кубань" (Ресей), "Аль-Айн" (Сауд Арабиясы) клубтарында ойнады.

    Іріктеу турнирінде Қазақстан бір топта Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларымен бақ сынайды.

    Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің матчтары биыл наурызда басталып, қарашаға дейін жалғасады. Әр топта жеңімпаз атанған құрамалар әлем чемпионатына тікелей өтеді. Сондай-ақ екінші орын иегерлері тағы 4 жолдама сарапқа салынатын плей-офф кезеңінде бақ сынайды.

    Бауыржан Исламхан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің матчтарына қатыса алмауы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.